Сайт создан на конструкторе ASIA.KZ - Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология- тіршілік көзі

Добро пожаловать на сайт

        Біздің сайтқа қош    келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер жабайы жануарлар туралы мағлұмат ала аласыздар!

Керік (Giraffa camelopardalis)

 Арыстан (лат. Panthera leo)

Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкензебрмүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады

Лепард / Panthera leo

Леопард (лат. Panthera pardus) — сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядыныңмысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107 — 180, құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады. Тұтас қара түстілерін — пантера деп атайды. Аталығы 60, аналығы — 30 — 40 кг тартады. Леопард негізінен Африкада (тек Сахарада кездеспейді) тіршілік етеді. Азияда,ТүрікменстандаРесейдің Қиыр Шығысында ұшырасады. Тропиктік, субтропиктікаймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойында, тоғайларда мекендейді. Леопард, негізінен, тұяқты аңдарды (бұғы, елік, арқар, т.б.) аулайды. Қорегін, көбіне түнде аулайды. Көбіне қаңтар — наурыз айларында ұйығып, 90 — 105 күннен кейін балалайды. Леопард Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

слон

 Слоны, обитающие в Индии, отличаются от тех, которые проживают в Африке,

прежде всего размерами. Масса индийского слона не бывает больше 5 тонн,

а в высоту он достигает 2,5-3 метров. Если африканский слон славится бивнями,

то у слона из Индии они намного меньше, самые крупные у самцов – длина 1,5 метра,

весят от 20 до 25 кг. Если бивни совсем отсутствуют, то этого слона называют махна.

Қызықты қысқа деректер

Биологтардың пікірі бойынша, хайуанаттар әлемінде жыландар мен акулалар ғана сірә, «тілсіз» және « саңырау» екен.. Ормандар мен теңіздерді, шөл далалар мен тауларды мекендейтін басқа хайуанат жәндіктердің бәрі естігіш және қауіп төнгені туралы бір-біріне хабарлауға, көмекке, қоректенуге шақыруға қабілетті. Жайындар біршама «сөзшең» және адам секілді саққұлақ екендігі дәлелденді. Шаян, крабтар, сегізаяқтылар және теңіздегі балықтардың бір мыңдай түрі бір-бірімен дыбыстасып сөйлесе алады. Көптеген хайуанаттар өте музыкант келеді.

 
Пожаловаться на сайт